Елордада бір күн ғана жұмыс істеген үй қызметшісі үй иесін тонап кеткен

28 Қаңтар 2023, 15:58
1131
Бөлісу:
Елордада бір күн ғана жұмыс істеген үй қызметшісі  үй иесін тонап кеткен

Полиция қызметкерлері алтын бұйымдарын ұрлады деген күдікпен 39 жастағы әйелді анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, қаскүнем «үй көмекшісі» болып жұмысқа орналасқан. Ол киім ауыстыратын бөлмені жинап жүрген уақытта алтын бұйымдарды жымқырған. Ол ұрлық жасау сәтінде үй иелері пәтерде болған. Жұмыс беруші полицияға хабарласқан. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Полицейлер ұрланған заттардың барлығын тапты. Анықталғандай, ұры оларды ломбардқа тапсырған, алтын бұйымдар сол жерден тәркіленген. Қылмыстық жолмен саналы түрде алынған мүлікті иемдену немесе сату қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын естеріңізге саламыз, - деді Есіл аудандық ПБ бөлім бастығы Сәкен Алауханов.

 Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Әйел адам кінәсін мойындап, оның елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы