Елордада байланыс пен интернеттің сапасын жақсарту – әрдайым өзекті

24 Қаңтар 2023, 20:25
890
Бөлісу:
Елордада байланыс пен интернеттің сапасын жақсарту – әрдайым  өзекті

Бұл  туралы Бағдат Мусин өзінің жеке әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Астана әкімдігінде өткен кездесу барысында шаһар басшысы Жеңіс Қасымбекпен осы мәселені талқыладық. Жиынға барлық байланыс операторларын да шақырдық.Байланыс пен интернет сапасын жақсартуда бірлескен іс-қимыл барынша маңызға ие. Бұл жерде жетекшілік ететін Министрлік, орындаушылар және қала әкімшілігі барынша тығыз қарым-қатынас орнатып, әлсіз тұстар бойынша бірлесе жұмыс істеулері қажет,- дейді ол. 

Сондай-ақ ол қазіргі уақытта байланыс сапасын жақсарту бағытында тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын, бірнеше нақты қадамдар  жасалғанын айтты.

Мәселен, байланыс және интернет қызметтерін сапасыз ұсынғаны үшін  операторларға салынатын айыппұл көлемі 100-ден 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін (АЕК) дейін және 200-ден 1500 АЕК-ке дейін ұлғайтуды көздейтін заң жобасы қабылданды. Өз тарапымыздан Жеңіс Махмұдұлымен кездесу барысында жаңа ұсыныстарымызды ортаға салдық. Атап айтқанда, Астананың Бас жоспарына базалық станцияларды орнатудың жоспарланған орындарын енгізу, сондай-ақ құрылысқа жауапты компания жаңа тұрғын үйлерді салу барысында бірнеше байланыс операторларының базалық станцияларын орнатуларына жағдай жасау, тиісті нормативтерді ескерулері  сияқты мәселелер,- дейді Бағдат Мусин.

Ол байланыс сапасын жақсартуға ықпалдасуға, базалық станцияларды орнатуға халықтың келісімін алу үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізуге Мүлік иелерінің бірлестігі немесе Пәтер иелерінің кооперативін тарту маңызды екенін айтып өтті.

 Қалаларда радиофобия проблемасы бар екенін және кейбір азаматтар қазірдің өзінде орнатылған станцияларды алып тастап жатқаны туралы айтқан болатынмын.Бұл тұрғыда операторлардан ешкім жауапкершілікті алып тастамайды, олар әрдайым жұмысты жүйелі түрде жүргізіп,  әкімдікпен тығыз өзара іс-қимыл орнатулары қажет,- деді ол.

Кездесу барысында  қала инфрақұрылымын дамыту мәселесіне де тоқталып өткендігін тілге тиек етті.

Елорда көшелерінде орналасқан Smart-тіректерді – тек жарықтандыру үшін ғана емес, сонымен қатар Wi-Fi сигналын тарататын нүкте,  маңызды хабарландыруларды беретін және бірыңғай мониторинг жүйесін құра алатын ақылды құрылғы ретінде қолдануға болатыны туралы да айтылды.  Жеңіс Махмұдұлы ұсыныстарымызды назарға алып, тиісті мамандарына нақты тапсырмалар берді. Біздің бірлескен жұмысымыз алдағы уақытта нәтижелі боларына сенімдімін, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы