Елордада Бауыржан Момышұлының шығармашылық және ғылыми мұрасы талқыланды

24 Желтоқсан 2022, 10:05
1672
Бөлісу:
Елордада Бауыржан Момышұлының шығармашылық және ғылыми мұрасы талқыланды
PHOTO

Ұлттық қорғаныс университетінде қазақтың аты аңызға айналған қолбасшысы Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған Қорғаныс министрлігінің, қазақстандық жоғары оқу орындарының, Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайдың өкілдері, сондай-ақ еліміздің жетекші әскери жоғары оқу орнының шетелдік магистранттары қатысты.

Іс-шара пленарлық отырыс форматында өтті. Конференцияның негізгі тақырыбы Бауыржан Момышұлының еңбектеріндегі әскери тәрбие идеялары, оның әскери өнердің дамуына қосқан үлесі және қазіргі әскери істегі өшпес мұрасы туралы болды.

Елордада Бауыржан Момышұлының шығармашылық және ғылыми мұрасы талқыланды

 Қазақ халқының ұлы тұлғаларының бірі аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы. Қазақстанда оның есімін білмейтін, өзінің ұлттық қаһарманы ретінде мақтан етпейтін адам жоқ. Бірқатар елдердің әскери оқу орындарында ұлы қолбасшының әскери тәжірибесі бөлек зерттеледі. Оның ең маңызды еңбектерінің бірі ағылшын тіліне аударылған "Соғыс психологиясы", – деп атап өтті Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, әскери ғылымдар докторы, генерал-майор Жұмабек Ахметов.

Бауыржан Момышұлының еңбектеріндегі әскери-тарихи аспектіні атап өткен тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Лайла Ахметова мен "Соғыс психологиясының" қолданбалы маңызын зерттеген Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры Хадиша Әубәкірованың баяндамалары конференцияға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Елордада Бауыржан Момышұлының шығармашылық және ғылыми мұрасы талқыланды

Іс-шараға Ұлттық қорғаныс университетінде оқитын шетелдік офицерлер де белсенді түрде қатысты. Бауыржан Момышұлының тактика мен жедел өнерді дамытуға қосқан үлесі туралы Қырғыз Республикасының өкілі подполковник Мұратбек Құдайбергенов те айтты. Қазақ қолбасшысы қолданған әскери өнердің негізгі қағидаттарын Армения Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі подполковник Артур Ареян да атап өтті. Тәжік жауынгерлері мен Панфилов дивизиясының Мәскеу шайқасындағы жеңіске қосқан үлесіне Тәжікстаннан келген офицер подполковник Самардин Гафурзада ерекше тоқталып өтті.

Елордада Бауыржан Момышұлының шығармашылық және ғылыми мұрасы талқыланды

Жиынды қорытындылаған Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Лұт Әлчекенов конференцияға қатысушыларға алғысын білдірді. Ол Ұлы қолбасшының мұрасы өзекті болып қала беретінін және әскери ғылымды дамыту үшін де, Бауыржан Момышұлының тәжірибесін практикалық қолдану шеңберінде де әрқашан сұранысқа ие болатынын атап өтті. 

Конференция қорытындысы бойынша оқырмандарға қолжетімді болатын материалдар жинағы басылып шығарылатын болып шешілді.

Өзгелердің жаңалығы