Елордада балабақша орындарын электрондық бөлу 27 маусымда басталады

14 Маусым 2019, 17:34
2139
Бөлісу:
Елордада балабақша орындарын электрондық бөлу 27 маусымда басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда балабақшаларында орындарды электрондық бөлу 27 маусымнан бастап қайта іске қосылады. Бұл туралы қала әкімдігі ғимаратында өткен брифингте Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының бастығы Ануар Жанғозин мәлімдеді.  

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан балабақшаларындағы орындарды бөлу жүйесіне хакерлік шабуыл жасалған болатын.

«Қазіргі уақытта біз жүйе бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, 10 маусымда қысқа уақыт ішінде сырттан шабуыл жасалған соң жүйеге көптеген өтініш келіп түсті. Бұл ата-аналардың өтініші емес, өйткені IP-адрестердің саны өте шектеулі болды, шамамен 20-30 шақты. Сол кезде Жүйеге 400-500 мыңға жуық өтінім жіберілді. Осыған сүйене отырып, біз мұны мақсатты жасалған шабуыл деп айта аламыз. Сондықтан қазір біз жүйені осындай шабуылдардан қорғау мақсатында шаралар жүргіземіз. Бастапқыда біз мұндай көлемдегі шабуылдарды қарастырмаған едік. Қазір барлық қажетті жұмыстар жүргізілуде. Ол ағынды арттыру, жабдықтау тұрғысынан жүйелік шараларды талап етеді. Мұндай шабуылды шектеу үшін қосымша ресурстар қажет», - деді Жанғозин.

Оның айтуынша, жүйені жетілдіру уақытты талап етеді.

«Сондықтан біз 27 маусымнан бастап жүйеде әртүрлі жылдарды кезең-кезеңімен ашамыз. Тиісінше, 27 маусымда 2017 жылы туғандар, 1 шілдеде 2016 жылы туғандар, 4 шілдеде 2015 жылы туғандар, 9 шілдеге дейін 2013-2014 жылдары туғандар ашық болады», - деді ол.

Сондай-ақ, ол 25-26 маусымда жеке кабинеттер қолжетімді болатынын айтты.

«Қазір жүйе қолжетімді емес. Қазір тағы да қарап шығу, мәліметтерді тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Қажетті талдау және тергеу жүргізу үшін ұйымды тарттық. Әзірлеушілермен бірлесіп жүйені мұндай шабуылдар әсер етпейтіндей етіп жұмыс жасаймыз», - деп айтты Жанғозин.

Брифинг барысында жүйе 10 маусымда іске қосылатынын айтты.

«Жүйе 7-ден 9-ға дейін жұмыс істеді. Жүк өте үлкен болған сәттер болды. Жүйеде жүктеме азайғанда ата-аналар өтінім бере алды. Қазір бізде бірінші кезекте тұрған 116 адамға ескерту жіберіліп жүйеге кіре алды. Олардың әрқайсысы кезекте тұрғанын көрдік», - деді білім басқармасының бастығы Ануар Жанғозин.

Осыған дейін Нұр-Сұлтандағы балабақшаларында орындарды бөлу 10 маусымнан басталатыны хабарланды. Содан кейін елордалық білім басқармасының басшысы жаңартылған ee.astana.kz жүйесінің іске қосылатынын және мектепке дейінгі мекемелерде 17 мыңға жуық орын бөлінетінін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы