Елордада Азия елдері қаламгерлерінің І форумы өтеді

2 Қыркүйек 2019, 09:06
3196
Бөлісу:
Елордада Азия елдері қаламгерлерінің І форумы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Жазушылар одағы  ҚР Президенті Әкімшілігінің және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2019  жылдың 4-6 қыркүйек  күндері Нұр-Сұлтан қаласында«Азия елдері қаламгерлерінің І форумын» өткізеді.

Тұңғыш рет ұйымдастырылған бұл форум Азия континентінде орналасқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайту, одан әрі дамыту һәм егеменді еліміздің бүгінгі кескін-келбетін, Қазақстанның әдебиетін, рухани құндылықтарын паш ету, әдеби үдерістің дамуына қатысты Азия елдерімен тәжірибе алмасу сынды бірқатар мақсат-міндеттерді көздейді.

Азия елдері қаламгерлерінің І форумында  аталмыш құрлықты мекен еткен 44 мемлекеттен Нобель сыйлығының номинанттары, Букер және ASEAN әдеби жүлдесінің жеңімпаздары, ұлттық, мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері һәм Жазушылар одағы мен ассоциацияларының Төрағалары сынды 90-ға жуық  ақын-жазушылар мен  еліміздің түкпір-түкпірінен шақырылған қаламгерлер бас қосады.


«АЗИЯ ЕЛДЕРІ ҚАЛАМГЕРЛЕРІНІҢ І ФОРУМЫНЫҢ» БАҒДАРЛАМАСЫ

                                         4 қыркүйек

Уақыты

                                             Шаралар

09.00 – 10.00

1.      Форумға қатысушыларды тіркеу

2.      «Азия әдебиетінің жауһарлары» кітап көрмесін тамашалау

(Конгресс-центр, Вестибюль)

10.00 – 11.30

Форумның ашылу салтанаты

Пленарлық отырыс

Бірінші панельдік дискуссия

Тақырып: «Қазіргі Азия өркениетінің әдеби панорамасы»

(5 баяндама)

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Конгресс-орталығы, Негізгі зал

11.30 – 11.50

Кофе-брейк

11.50 – 13.00

Екінші панельдік дискуссия

Тақырып: «Азия әдебиеті және жаһандық мәселелер» 

(7 баяндама)

13.30 – 14.00

Қаламгерлермен автограф-сессия

(Конгресс-центр, Вестибюль)

14.30 – 15.30

Түскі ас («Rixos President Astana» қонақ үйінің «Әл-Фараби» залы)

15.30 – 18.00

Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлері мен мәдени ошақтарына экскурсия

19.00

Қазақстан Республикасы Президенті атынан салтанатты дастархан

(«Rixos President Astana» қонақ үйінің «Жерұйық» залы)

5 қыркүйек

Уақыты

                                              Шаралар

09.00 – 10.00

«Asian LitTALKS» форсайт сессиясына қатысушыларды тіркеу

(Номад Сити Холл, Кіші зал)

10.00 – 11.00

«Asian LitTALKS» форсайт сессиясы – бірінші бөлім

11.00 – 11.30

Кофе-брейк

11.30 – 12.30

«Asian LitTALKS» форсайт сессиясы – екінші бөлім

13.00 – 14.30

Түскі ас («Rixos President Astana»қонақ үйінің «Әл-Фараби» залы)

15.00 – 16.00

Орталық Азия елдері қаламгерлерінің кездесуі

(«Rixos President Astana» қонақ үйі«Шаңырақ»)

16.30 – 17.30

«Қаламгерлер аллеясын» ашу рәсімі

(Абай даңғылы мен Ә. Сембинов көшесінің киылысы)

18.30 – 20.30

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында қойылым тамашалау

21.00 – 22.30

Кешкі ас («Rixos President Astana»қонақ үйінің «Әл-Фараби» залы)

6 қыркүйек

Уақыты

                                   Шаралар

10.00 – 12.00

Шетелдік Жазушылар бірлестіктерімен меморандумдарға қол қою рәсімі

(«Rixos President Astana» қонақ үйі, «Шаңырақ»)

Қазақстандық делегаттар үшін «Қаламгер» көркем фильмі көрсетіледі

(«Қазмедиа» орталығы, көрсетілім залы)

13.00 – 14.30

Түскі ас («Rixos President Astana» қонақ үйінің «Әл-Фараби» залы)

15.00 – 16.00

Жас қаламгер-делегаттардың басқосуы

(«Rixos President Astana» қонақ үйі, «Шаңырақ»)

16.30 – 17.00

Қызыл кілеммен жүріп өту рәсімі

(Номад Сити Холл, Фойе)

17.00 – 19.00

Форумның жабылу салтанаты

1.    Форумға қатысушы делегаттарға сертификат тапсыру рәсімі

2.    Форум делегаттарының Үндеуін қабылдау

          (Номад Сити Холл, Негізгі зал)

19.00

Салтанатты кешкі ас. «The book of Honesty» – Сенім кітабына қаламгерлердің тілек қалдыру рәсімі

(«FARHI HALL» мейрамханасы)

 

Өзгелердің жаңалығы