Елордада ауырғандардың негізгі үлесін 30-39 жастағы адамдар құрайды

22 Ақпан 2021, 14:26
1500
Бөлісу:
Елордада ауырғандардың негізгі үлесін 30-39 жастағы адамдар құрайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және карантин режимінің сақталуы» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Оның мәлімдеуінше, елордада барлық жастағы және континенттер арасында коронавирустық инфекция жағдайларының тіркелуі жалғасуда. Қаңтар айында 3763 вирус жұқтыру жағдайы тіркелген. Ал, ақпан айының басынан бері 2192 жағдай анықталған.

ПТР тестінің теріс нәтижесі бар коронавирустық инфекция жағдайлары бойынша бас-аяғы 80 жағдай тіркелген (қаңтарда – 55, ақпанда – 25). Соңғы тәулік ішінде инфекцияның 72 жағдайы анықталды. Оның 49-ы симптоматикалық жағдай болса, 23-і симптомсыз түрі. Барлығы 84 ошақ тіркелді, оның 66-ы үйде, 18-і ұйымдаспаған топтарда. Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 7,17%-ға төмендегені байқалады. Қарқынды көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 55,58% және репродуктивті саны 0,97%-ды құрады, - деді ол. 

Бас санитардың айтуынша, қала тұрғындары арасында ауырғандардың 24,7%-ның негізгі үлесін 30-39 жастағы адамдар құрайды. 50 және одан жоғары жастағылардың үлесі – 23,4%, 18-29 жас аралығындағылардың үлесі – 18,4%, 40-49 жас аралығындағылардың үлесі – 14,9%, жалпы сырқаттанушылық арасында балалардың үлесі – 15,9%-ды құрайды.

Қадағалау кезінде симптомдары бар науқастардың үлес салмағының аздап өсуі байқалып отыр. Яғни, бұл көрсеткіш қаңтар айында 65% болса, ақпанда 67%-ға өсті. Жас құрылымы бойынша 50 және одан жоғары жастағылар арасындағы көрсеткіш қаңтарда 26% болса, ақпанда 28,7%-ға дейін өсті, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы