Елордада әскери жоғары оқу орындарында кітапхана ісін дамыту мәселелері қаралды

14 Қазан 2022, 22:50
1079
Бөлісу:
Елордада әскери жоғары оқу орындарында кітапхана ісін дамыту мәселелері қаралды
PHOTO

 Ұлттық қорғаныс университетінде әскери оқу орындарының кітапханашыларымен жоғары білім ордаларының аралық ғылыми-практикалық семинары өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның жұмысына әскери институттар кітапханаларының, Қорғаныс министрлігі мен басқа да күштік құрылымдардың, колледждердің, Ұлттық академиялық кітапхананың басшылары мен мамандары, ірі баспалардың өкілдері қатысуда. 

Іс-шараны Ұлттық қорғаныс университеті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Мұрат Әбдімәліков ашты. Ол әскери кадрларды даярлауда кітапхана ісінің маңызды рөлін атап өтті.

Елордада әскери жоғары оқу орындарында кітапхана ісін дамыту мәселелері қаралды

Жетекші қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары кітапханаларының ақпараттық ресурстарына қол жеткізе алатын заманауи, инновациялық кітапхананың болуы – кадрларды сапалы даярлаудың маңызды шарты. Университет кітапханасының кең қоры оқу, ғылыми, көркем және сирек әдебиет ресурстарын қамтиды. Оны мақтанышпен айта аламыз, – деді Мұрат Әбдімәліков.

Семинарға қатысушылар ұсыныстарын айтып, сондай-ақ қазіргі ақпараттық кеңістіктің кітапхана ісінің дамуына әсер ету аспектілерін талқылады. 

Елордада әскери жоғары оқу орындарында кітапхана ісін дамыту мәселелері қаралды

Астана қаласы баспаларының мамандары шынайы технологиясы бар заманауи өнімдердің нұсқаларын ұсынды. Бұл кітаптарды жандандыруға және оқуды қызықты етуге мүмкіндік беретін технология. 

Big dream Lab IT компаниясы семинарда «Қазақстанның әскери тарихының атласы» деп аталатын кітаптың тұсаукесерін өткізді. Басылым Қазақстанның ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі әскери тарихына арналған. 

Елордада әскери жоғары оқу орындарында кітапхана ісін дамыту мәселелері қаралды

Сонымен қатар, «Бітімгерлерге арналған ағылшын тілі» жобасының жетекшісі Габриэль Фаррелл университеттің кітапхана қорына ағылшын тілінде шыққан 100 кітап тапсырды. 

Одан өзге семинар бағдарламасында Ұлттық қорғаныс университеті бойынша жоғары оқу орнының технопаркіне, «Ирбис» зертханасына және әскери-ғылыми зерттеу орталығына экскурсия жасау да қарастырылған. Семинар аяқталған соң қатысушыларға сертификаттар берілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы