Елордада әскери-патриоттық шара өтті

18 Наурыз 2022, 17:01
2633
Бөлісу:
Елордада әскери-патриоттық шара өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының ғимаратында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. 

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары М.Таласов, сондай-ақ жастар ұйымдарының көшбасшылары мен өкілдері қатысты. 

Елордада әскери-патриоттық шара өтті

Өзінің алғы сөзінде Ассамблея Төрағасының орынбасары бұл бастаманың өскелең ұрпақтың арасында бірлік пен келісімнің құндылықтарын дәріптеу, сонымен бірге осы бағытта жастардың әлеуетін жұмылдыру деп атап өтті.

Елордада әскери-патриоттық шара өтті

Президент өз Жолдауында саяси реформалардың жүйелі бағдарламасын белгіледі. Сайлау жүйесін өзгерту, партиялық бәсекелестік пен демократиялық институттарды дамыту әркімнің ел өміріне қатысуына жол ашады. Бұл әсіресе біздің жастарға қатысты. Біздің жастар ұйымдары құжатқа қол қойып қана қоймай, оның артында белсенді және үйлесімді жұмыс тұрғанын түсіну керек. Менің ойымша, әріптестер ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін жақсы бастапқы база болатын жол картасын сапалы пысықтады, - деді Әзілханов.

Өз кезегінде, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор М.Таласов Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар ұйымдарына өскелен ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін дамытудағы өзара іс-қимылы үшін алғысын білдірді. 

Елордада әскери-патриоттық шара өтті

Бүгін әскери-патриоттық жұмыстарды одан әрі жетілдіру мақсатында «Ассамблея жастары» бірлестігі мен «Жас сарбаз» қозғалысы арасында меморандумға қол қою іс-шарасын өткізудеміз. Қазіргі таңда «Жас сарбаз» қозғалысының жұмысы арқасында елімізде әскери-патриоттық клубтар саны үш еседен артыққа өсіп, 7 868-ге дейін артты, барлығы 236 045 жасөспірімдерді қамтиды. Осы жылдар ішінде бір миллионға жуық балаларды қамтыған 3 мыңға жуық іс-шара өткізілді.  Бұл жұмыстардың барлығы жастардың бойына қазақстандық патриотизм сезімін оятуға, қазақстандық нағыз патриоттың образын қалыптастыруға  бағытталған, – деді ол.

Қол қою аясында әскери-патриоттық тәрбиені дамыту жөніндегі бірлескен жол картасы бекітіледі деп күтілуде. Аталған шаралар аясында мотивациялық кездесулер, спорттық іс-шаралар, орта мектептерде жаңа әскери-патриоттық клубтар ашу және т.б. жұмыстарды іске асыру жоспарланған.

Елордада әскери-патриоттық шара өтті

Естеріңізге сала кетейік, «Ассамблея жастары» жастар ұйымы өз қызметін таныстыру аясында басты мақсаты жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге арналған «Қасиетті парыз» бағытын ұсынды.

Елордада әскери-патриоттық шара өтті

Меморандумға «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т.Жұмырбаев пен «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ төрағасы М.Меңдіғалиев қол қойды. 

Өзгелердің жаңалығы