Елордада ашық аспан астында фестиваль өтеді

19 Тамыз 2021, 18:23
2617
Бөлісу:
Елордада ашық аспан астында фестиваль өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16-31 тамыз аралығында «Абу Даби Плаза» сауда орталығы аймағында елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған open air форматындағы шаралар өтеді.

Дүйсенбіден жұмаға дейін белгілі қазақстандық фитнес-клуб нұсқаушыларымен таза ауада жаттығу өткізеді. Бір апта бойы күн сайын фестиваль қонақтарын түрлі жаттығулық бағдарлама күтеді: ырғақты зумба, интенсивті әрі тиімді табата жаттығулар, сондай-ақ, стретчинг пен пилатес.

Одан өзге сәрсенбі мен жұма аралығында әр кеш сайын сағат 18.15-те аспан астындағы кинокөрсетілім өтеді. Онда барлық сүйікті көңілді де қызықты мультипликациялық картиналардан бастап аңызға айналған классикалық және отбасылық фильмдер бар.

Сондай-ақ әр дүйсенбі мен сейсенбіде фестиваль қонақтарына музыканттардың концерті өтеді. Шарада саксофон мен гитарадағы музыкалық шығармалардан бастап диджейлердің орындауындағы заманауи электронды музыкаға дейін тамашалауға болады.

Барлық қойылым COVID-19 таралуын алдын алу мақсатындағы шараларға сәйкес өткізіледі. Орындар шектеулі және әлеуметтік қашықтықты сақтаумен орналастырылған, шаралар өтетін орын тыңғылықты тазалау мен дезинфекциялаудан өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы