Елордада қар тазарту жұмыстары аяқталды

3 Сәуір 2019, 21:15
2435
Бөлісу:
Елордада қар тазарту жұмыстары аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16-шы қарашадан бастап осы күнге дейін қардың шамамен 3 млн текше метрі шығарылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

"Кеше қала көшелерін тазалауға 70 арнайы техника тартылды. «Астана Тазалық» ЖШС ақпараты бойынша өткен тәулікте қардың 110 текше метрі қала сыртына шығарылды. 2018 жылдың 14 қарашасынан 2019 жылдың 2 сәуіріне дейін 25568,5 текше метр құм-тұз аралас қоспа шашылды. 16-шы қарашадан бүгінге дейін қардың 2 256 985 текше метрі жиналды" , - делінген таратылған ақпаратта.  


Өзгелердің жаңалығы