Елордада Ақмола облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр

29 Қазан 2022, 12:06
1179
Бөлісу:
Елордада Ақмола облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін Елордада Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 «Бұл жәрмеңкеде өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шамамен 650 млн теңгеге 850 тоннадан астам түрлі өнім әкелді. Қала тұрғындары мен қонақтары Ақмола облысы өндірушілерінің 50-ден астам азық-түлік түрін сатып ала алады», - деді Малғаждар Тәткеев тілшілерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, жәрмеңкедегі тауарлар бағасы нарық бағасынан шамамен 10-15%-ке төмен.

Атап айтқанда, облыс шаруалары 200 тоннаға жуық ет пен ет өнімдерін, 100 тонна сүт пен сүт өнімдерін, 13 тонна балық, 1 млн дана жұмыртқа, 25 тоннадан астам ұн, 100 тонна көкөніс, 200 тонна картоп және 8 тоннадан астам нан-тоқаш өнімдерін және басқа да тауарлар алып келді.

Жәрмеңке алаңына сахна қойылған және келушілердің көңілін көтеру мақсатында өңір өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынады.

Аталмыш жәрмеңке «Астана-Арена» стадионы маңында 29 және 30 қазан күндері өтеді.

Өзгелердің жаңалығы