Елордада Алматы мен Қостанай облыстарының жәрмеңкесі өтеді

4 Қыркүйек 2019, 16:28
1352
Бөлісу:
Елордада Алматы мен Қостанай облыстарының жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7-8 қыркүйек күндері «Хан-Шатыр» сауда орталығы алаңында өтетін ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесінде Алматы және Қостанай облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынатын болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Екі өңірдің 31 ауданы мен 6 қаласының тауар өндірушілері өз өнімдерін елордалықтарға төмен бағамен ұcынатын болады. Жәрмеңке екі күн бойы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жалғасады. Алматы облысының кәсіпорындары шамамен 163,0 млн теңге сомасына 330,9 тонна ауылшаруашылық өнімдерін сатуды жоспарлап отыр, сонымен бірге Қостанай облысынан 200 млн теңге шамасында шығарылатын, көлемі 380 тонна өнім болады. Сатылатын өнімдер ассортиментіне: барлық түрдегі ірі қара мал еті, шұжық және еттен жасалған жартылай фабрикаттар - 102,9 тонна, сүт өнімдері - 49,5 тонна, картоп пен көкөністер - 204 тонна, жемістер - 32,2 тонна, балық өнімдері - 15,7 тонна, бал - 0,5 тонна, жарма мен макарон өнімдері - 30 тонна, наубайхана мен кондитерлік өнімдер өнімдер - 20 тонна, жұмыртқа - 20 мың дана, ұн - 50 тонна, басқа да өнімдер - 88,5 тоннаны құрайды.

«Барлық өнімдер санитарлық және ветеринарлық талаптарға сәйкес келеді, өндірушілерде сатылатын өнімдердің шығуы, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жәрмеңке кезінде екі облыстың өнер ұжымдары астаналықтарға концерттік бағдарлама ұсынбақшы.
Өзгелердің жаңалығы