Елордада әлеуметтік топтарға арналған бизнес-тренинг өтті

30 Қазан 2020, 22:28
1526
Бөлісу:
Елордада әлеуметтік топтарға арналған бизнес-тренинг өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Бақытты шаңырақ» мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету қайырымдылық қоры қаланың бастамашыл топтары үшін кәсіпкерлікті дамыту және кірістерді арттыру бойынша тренинг өткізді.

Оған шамамен 30 адам қатысты. Тренинг барысында бизнес жүргізу, салық және мемлекеттік гранттарды алу тақырыптары талқыланды. Сонымен қатар қатысушыларды мемлекеттік грант алу, «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша оқыту және жеке кәсіпкерлерге салынатын салықтарды жабу туралы сұрақтар қызықтырды.

«Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорының төрайымы Пернеш Абдукаримова практикалық білім мен білікке ие болғаннан кейін белсенділер бизнес ашып, гранттық бағдарламаларға қатысуды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Біздің міндетіміз - аналарға жұмыс тауып, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. Бұл орталықта ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналар тігін өндірісімен, кондитерлік қызметпен айналысады, маникюр, педикюр және шугаринг қызметтерін көрсетеді. Біз оңалту орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ инклюзивті топқа арналған спорт секцияларын ашқымыз келеді, - деді қор төрайымы.

Тренинг спикерлері Нұр-Сұлтан қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Азамат Байтасов, ҚР кәсіби бухгалтері Зарина Коланова, тәжірибелі фермер, диетолог Темир Земблевский болды. Іс-шара барлық санитарлық нормаларға сәйкес өтті.

Өзгелердің жаңалығы