Елордада әкелер форумы өтті

14 Желтоқсан 2022, 17:15
1207
Бөлісу:
Елордада әкелер форумы өтті

Отбасы – ұлт тірегі. Елордада 7-республикалық әкелер форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Хабар24 жазды. Жиын барысында отбасыдағы әкенің ролі, оның балаға берер тәрбиесі жайы көп айтылды. "Әкелер одағы" қоғамдық бірлестігі "Саналы әке" сынды бірқатар маңызды жобаны жүзеге асырып келе жатыр. Басты міндет  отбасыдағы отағасының ролін арттыру. 

Осыдан 50 жыл бұрын біздер тәрбиеленген кезде әкең келе жатыр, әкеңе айтамын деген сөзбен өстік қой енді. Әр заманның өзінің заңы бар. Қазіргі уақытта сол кездегі ұстаным жүрмейді. Қазір бесіктен әке баласына ие болмаса, ол кішкене өскеннен кейін ие бола алмай қалады. Әлеуметтік сауалдарға қарайтын болсақ 6-7 жасқа дейінгі балалармен әкелердің 1-2 проценті ғана ма құшақтап, көтеріп жүреді. Бұл баланың ең қалыптасатын кезі, - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен.

Өзгелердің жаңалығы