Елордада «Абаттандыру апталығы» өтіп жатыр

23 Шілде 2019, 18:30
1443
Бөлісу:
Елордада «Абаттандыру апталығы» өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы Нұр-Сұлтанда шілденің 22-28 аралығында «Абаттандыру апталығы» жедел алдын алу іс шарасын жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады. 

Жедел алдын-алу іс шарасының негізгі мақсаты – қаланың санитарлық жағдайын жақсарту және жол қауіпсіздігін қамтамасыздандыру болып табылады.

Жедел алдын алу іс шарасының бір күндік қорытындысы бойынша 300-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.

«Белгіленбеген орында, яғни Мағжан Жұмабаев көшесінің бойында зәр-нәжіс суын төккен азамат ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК көлеміндегі айыппұл салынды»,- делінген хабарламада. 


Өзгелердің жаңалығы