Елордада 750-ден астам ұландық әскери ант қабылдады

6 Қаңтар 2023, 21:50
1000
Бөлісу:
Елордада 750-ден астам ұландық әскери ант қабылдады

Бүгін «Үркер» тұрғын алабында орналасқан елордалық Ұлттық ұланның жедел бригадасының саптық алаңында әскери Ант қабылдауы салтанатты түрде өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның барлық өңірінен қызмет етуге келген жас ұландықтарға арналған салтанатты рәсімге 2 000-ға жуық ата-ана мен жақыны келді.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери рәсімдер әрқашан құқықтық тәртіп әскерінде ерекше орын алады. Сондықтан әскери қызметшілердің әскери Ант қабылдауы да жыл сайынғы дәстүрге айналғаны сөзсіз. 

Осы сәттен бастап сарбаздар толыққанды жауынгер атанады және Отан қорғаушылардың біртұтас жүйесіне енеді. Бұл тұрғыда Ұлттық ұлан жас әскери қызметшілер үшін нағыз батылдық пен патриотизм мектебі болып табылады. Әскерде олар қатайып, толыққанды дайындықтан өтеді, жауынгерлік қызмет атқарады, бейбіт азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етеді, сотталғандар жазасын өтеп жатқан коллонияларды күзетеді, - делінген хабарламада.

Ұлттық ұлан қатарына қосылып, әскери Ант қабылдаған жас сарбаздарды 5573 әскери бөлімінің командирі полковник Аян Есжанов құттықтады.

Әскери Ант қабылдау - әрбір әскери бөлімнің өміріндегі айтулы оқиға. Жауынгерге арналған әскери Ант - бұл өмірдің бұзылмайтын Заңы, онда ешқандай шегініс жоқ. Ант қабылдай отырып, әрбір сарбаз әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарына төзуге міндеттеледі және олардың орындалуы әскери қызметті өткерудің мәні мен мақсатын құрайды, – деп атап өтті Аян Әбдіғаниұлы.

Осыдан кейін жас жауынгерлердің жеке құрамы салтанатты шерумен өтті.

Айта кетейік, алдағы қызметте жас жауынгерлер Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, елорда тұрғындары мен қонақтарын құқыққа қарсы және өзге де қол сұғушылықтардан қорғай отырып, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етеді, осылайша құқықтық тәртіп әскерлерінің даңқты жауынгерлік дәстүрлерін жалғастырады. Шынында да, көптеген жылдар бойы Ұлттық ұланның жауынгерлері елдің барлық ірі қалаларында қоғамдық тәртіпті лайықты қамтамасыз етіп келеді.

Өзгелердің жаңалығы