Елордада 70 шақырым веложол іске қосылды

21 Қыркүйек 2020, 13:43
1249
Бөлісу:
Елордада 70 шақырым веложол іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын велосипедпен жүру елорда тұрғындары арасында көп сұранысқа ие. Мамандар велоспортпен айналысудың пайдасы аз емес екенін айтады. Бұл ұйқының жақсаруы, қан айналымы, төзімділіктің жоғарылауы, стресстің төмендеуі. Нұр-Сұлтанда жыл сайын жүгіру және вело жолақтар саны артып келеді.

Қаладағы барлық веломаршруттар үш түрге бөлінеді: іскерлік, рекреациялық және туристік.

Біріншісі түзу, велосипед жолдарының арасындағы байланыстармен ерекшеленеді. Олардың мақсаты-велосипедші аз уақытта қажетті жерге жете алады.

Рекреациялық жолдар – тармақталған, саябақтар мен алаңдар арқылы өтеді-велосипед тебуді және қоршаған ландшафтты тамашалағысы келетіндерге арналған.

Туристік – қаланың көрікті жерлерін және елорда қонақтарының қызығушылығын тудыруы мүмкін жерлерде орналасқан. Велосипед әуесқойлары Триатлон саябағында, Астаналық, Жерұйық және ботаникалық бақта еркін серуендей алады. Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда қалада 70 км веложол іске қосылды, тағы 123 км жабдықтау жоспарланған. Ведомстводан хабарлағандай, 2020 жылы 46,4 км, 2021 жылы – 36 км, 2022 жылы – 40,7 км пайдалануға беріледі, - делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта.
Жасыл белдеу аумағында 23 км веложол бар.


Өзгелердің жаңалығы