Елордада 4 адам суға кеткен

12 Шілде 2023, 23:27
761
Бөлісу:
Елордада 4 адам суға кеткен
Фото: архив

Шомылу маусымы басталғалы елордада 3 адам құтқарылды. Осындай қауіпті аумаққа барып, суға түскен 4 адамды аман алып қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның біреуі – бала. Қазір құтқарушылар да көл жағалап, жұртты сақтыққа шақырып жүр. Астана бойынша күніге 40 құтқарушы рейдке шығады.

Дүйсенбі күні орын алды. Нұра ауданында таңғы сағат алтыда 5 бала ата-анасынан сұранып, балық аулауға шығып кеткен. Содан сағат онның кезінде бізге хабарлама келді. Қала сыртында бала суға батып жатыр деген. Біздің құтқарушылар сол жаққа барды. Бір баланың батқанын көрді. 5 баланың екеуі шомылмаған, үшеуі шомылған, - дейді қалалық төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы Азамат Құсайынов.

Ал Ақмола облысында 8 адам суға кетті. Оның үшеуі – бала. Қайғылы оқиғалардың барлығы дерлік суға түсуге болмайтын аумақтарда болған. Бүгінде өңірдегі 17 су айдыны қауіпті саналады. Бірақ оған қарап жатқандар сирек. Мас күйде суға түсіп, қауіпсіздік шараларын сақтамайтындар аз емес. Мәселен, 500 адам мас күйде суға түскені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Шомылу маусымы басталғалы 105 су айдыны тексерілді. Соның 88-і суға түсуге жарамды болса, 17-і қауіпті деп таңылды. Сондай-ақ 213 қоғамдық құтқарушы оқудан өтті. Судағы қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында 2 мың ерікті жұмылдырылған, - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті басқарма бастығының міндетін атқарушы Диас Әмірханов.

Былтыр Астанада 6 адам суға түсіп көз жұмған. Оның 5-еуі – бала.

Өзгелердің жаңалығы