Елордада 3000 кітап сыйлыққа берілді

25 Мамыр 2023, 19:43
602
Бөлісу:
Елордада 3000 кітап сыйлыққа берілді

Түркістандық «Фараб» кітапханасы Астанада «5 жылдыққа – бес әдеби сапар» атты рухани-мәдени шара өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Мақсаты – Түркістан облысында болып жатқан мәдениет саласындағы жаңалықтармен бөлісу. Сондай-ақ «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясын ұйымдастыру. Аталмыш шара облыстағы ауылдық кітапханалар қорын байытып, оқырман сұранысындағы әдебиетпен қамтамасыз етеді. 

Осы ретте Ұлттық академиялық кітапхана елорда қонақтарына 3000 дана кітап сыйға тартты. Ендігі кезекте Фараб кітапханасының ұжымы Қызылорда мен Шымкент қалаларына баруды жоспарлап отыр. Шара Түркістан облысының 5 жылдық мерейтойы қарсанында ұйымдастырылып отыр. 

5 жылдықты насихаттау мақсатында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы жыл басынан бері «5 жылдыққа – бес әдеби сапар» акциясын бастады. Түркістан облысының әкімдігінің қолдауымен, Түркістан облысының туризм басқармасының тікелей ұйымдстыруымен осы акция басталып, Астана қаласы бүгінгі таңда үшінші сапарымыз. Тараз қаласында болдық, Алматы қаласындағы ұлттық кітапханада және бүгін Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханаға келіп отырмыз, - деді Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова.

Өзгелердің жаңалығы