Астанада көпқабатты үйдің 9-қабатынан құлаған 3 жасар сәби оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 маусымда 102 каналына Жүргенов көшесіндегі үйдің ауласында 9-қабат биіктіктен бала құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Үш жасар қыз алған жарақатынан сол жерде көз жұмды, – деп жазылған ресми хабарламада.