Елордада №101 жолаушылар автобусы мен көлік соқтығысты

26 Қараша 2019, 09:26
6336
Бөлісу:
Елордада №101 жолаушылар автобусы мен көлік соқтығысты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 қараша күні сағат 06:35 шамасында Момышұлы-Тәуелсіздік даңғылы қиылысында Wolkswagen Golf автокөлігі №101 бағытындағы автобуспен соқтығысқан. Жеңіл автокөлік жүргізушісі 21 жаста.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Wolkswagen Golf жүргізушісіне қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  610-бабының 2-тармағы ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - делінген хабарламада.

Жол апатынан зардап шеккендер жоқ. 

Өзгелердің жаңалығы