Елордада тау-кен геологиялық форумы басталды

3 Сәуір 2019, 15:23
2939
Бөлісу:
Елордада тау-кен геологиялық форумы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында МАЙНЕКС Қазақстан мерейтойлық 10-шы тау-кен геологиялық форумы ашылды. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

МАЙНЕКС форумы Қазақстанда 2010 жылдан бері өткізіліп келеді және Орта Азия аймағында ұйымдастырылатын өкілетті салалық іс-шаралардың бірі.

Форумға жыл сайын 300-ден астам тау-кен металлургиялық компаниялардың, салалық министрліктердің, инвестициялық компаниялар мен банктердің, сервистік компаниялар мен Қазақстаннан және 20-дан астам алыс және жақын шетелдерден тау-кен саласына жабдық өндірушілердің өкілдері жиналады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев  өз сөзінде жер қойнауын пайдалану саласында жүргізіліп жатқан реформалардың, атап айтқанда, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР Кодексін іске асырудың қорытындысын атап өтті.  Өткен жылдың 29 маусымынан бастап жер қойнауы туралы Кодексті қолданысқа енгізу кезеңінде ҚР ИИДМ "бірінші өтінім" принципі бойынша лицензия алуға 100 мыңнан астам блок қойылды және қатты пайдалы қазбаларды барлауға 45 лицензия берілді.Сондай-ақ, жер қойнауы туралы кодекстің негізгі жаңалықтары мен әлемдік озық тәжірибе негізінде жер қойнауын пайдалану саласын реформалау жөніндегі алдағы жоспарлар айтылды.

«Жер қойнауы туралы кодексті енгізу нәтижесі 2018 жылдың басында шығарылған Фрейзер институты өткізетін жыл сайынғы "шолуда" көрініс тапты. Шолуда жүргізілген реформалардан кейін Қазақстан инвестициялық тартымдылық индексі бойынша 91 юрисдикция арасында 24-ші орынды иеленіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 49-шы орынға көтерілгені көрсетілген.Сондай-ақ, Қазақстанның әлемдегі 15 жетекші юрисдикция қатарына енуге нақты әлеуеті бар екендігі көрсетіледі», - деп атап өтті Тимур Тоқтабаев.

 Вице-министр сондай-ақ Форумның бірінші пленарлық сессиясында жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша баяндама жасады.

Форум жұмысы аясында Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселелері, геологиялық жаңалықтардың перспективалары, Қазақстандағы және Орта Азия елдеріндегі іздеу жобаларын дамыту, тау-кен өндіру саласындағы "жасыл" экономиканы дамытудың практикалық аспектілері, кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау, сондай-ақ құбылмалы құқықтық алаңда инвестиция тарту мен тау-кен жобаларын қаржыландырудың жаңа мүмкіндіктері бойынша талқылаулар болады.

 

Өзгелердің жаңалығы