Елорда "жасыл" аймақта – Сархат Бейсенова

14 Ақпан 2024, 16:37
488
Бөлісу:
Елорда "жасыл" аймақта – Сархат Бейсенова
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биылғы жылдың эпидемиялық маусымда 40 аптадан бастап 508 науқас ауруханаға жатқызылған. Оның ішінде 145 амбулаториялық науқас вирусологиялық әдіспен тексерілген. Сондай-ақ, 221 "А" типті тұмау вирусы анықталған.

Елордада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Күн сайын оқшауланған жағдайлар тіркелуде, қала "жасыл" аймақта,-деді Сархат Бейсенова.

Ал елордада қызылша бойынша жағдай керісінше болып тұр.

Осы жылдың басынан бастап Астанада қызылшаның 2278 бастапқы және 609 расталған жағдай тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 429 жағдай белгілі болды. Қазір ауру ересек контингентке ауыса бастаған. Қарқынды көрсеткіш 25,2-дан 40,2-ға немесе 37,3%-ға өскен. Бұл ретте жүргізіліп жатқан қосымша жаппай иммундау желтоқсан айымен салыстырғанда бір жасқа дейінгі, 1 жас және 2 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылықтың төмендеуіне әсер еткен. Мәселен, 1 жасқа дейінгі балалардың аурушаңдығы 15%-ға, 1 жастағы балалар 8,5%-ға және 2 жастағы балалар тиісінше 21,3%-ға төмендеген,-деді Сархат Бейсенова.

Сархат Бейсенованың айтуынша, жыл басынан бері республика бойынша көлік объектілерінде ЖРВИ-нің 276 жағдайы тіркелген. Халықаралық авиарейстердің жолаушылары арасында жұқпалы респираторлық вирустық инфекцияның 3 сырттан келген жағдайы анықталған.

Көлік қызметкерлері арасында коронавирус тіркелмеді. Жыл басынан бері қызылша ауруының 29 жағдайы анықталды. Ауруға көбіне теміржол көлігі мен әуе көлігі қызметкерлері шалдығады. Қызылшаның жолаушылар арасында 10 жағдайы белгілі болды,-деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы