Елорда ұландары жоғалған үш баланы туыстарына қайтарды

11 Маусым 2022, 12:20
1176
Бөлісу:
Елорда ұландары жоғалған үш баланы туыстарына қайтарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады.

Бір күнде екі оқиға орын алды. Ұлттық ұланның 5573 астаналық әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне балаларын тауып  беруін сұрап туыстары келді.

10 маусым күні сағат 20.00 шамасында патрульдеу бағытында әскери жасаққа бір әйел келіп, оның ұлы мен қызын іздестіруді өтінді.

 Әскери жасақтың бастығы Азамат Есқазин патрульдер қатардағы жауынгерлер Шерхан Уәлихан және Қуаныш Әділмен бірге бұл жағдай туралы патрульдік топтың бастығына бірден баяндады. Осыдан кейін ұландықтар жоғалған балалар туралы бағдар берді.

15 минуттан кейін саябақта келе жатып, әскери қызметшілер сипаттамаға ұқсас балаларды байқады. Кейін балалар ата-аналарына аман-есен қайтарылды.

Сол күні сағат 21.30 шамасында Есіл өзенінің жағасындағы әскери жасаққа тағы бір азаматша келіп, немересін жоғалтқанын айтты.

Қатардағы жауынгер Нұрмұхаммед Тұрманның және патрульдер қатардағы жауынгерлер Мейрамбек Танырқұлов пен Асылхан Успановтың құрамындағы әскери жасақ дереу баланы іздеуге аттанды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары астаналық саябақтың ішінде жылап жатқан баланы тапты.

Әйел әскери қызметшілерге көрсеткен көмегі мен қырағы қызметі үшін үлкен алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы