Елорда ұландары жоғалған қызды табуға көмектесті

17 Сәуір 2022, 15:19
1696
Бөлісу:
Елорда ұландары жоғалған қызды табуға көмектесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызын жоғалтқан анаға Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданында қызмет атқарып жүрген Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы көмектесті.

12 жасар қызын жоғалтып, өз бетінше іздеуі нәтиже бермеген ана Ұлттық ұланнан көмек сұрады. Әскери жасақ бастығы қатардағы Айдос Шаштауов патрульшілер қатардағы Қуантқан Көпжан мен Жасур Арзыметовпен бірге тез арада топ бастығына баяндама жасады.

Әскери қызметшілер жоғалған қыздың сипаттамасын жақын арадағы жасақтарға берді. Араға уақыт салып әскери жасақ  Ш.Құдайбердіұлы көшесінде сипаттамаға сәйкес келетін қызды байқады.  Жоғалған қыз екеніне көз жеткізген соң, ұландық жауынгерлер оны үйіне апарып, анасына тапсырды. Қызымен қауышқан азаматша ұландықтарға алғыс білдірді. 

Өзгелердің жаңалығы