Елорда тұрғынынан 40 млн теңге бопсалағандар ұсталды

28 Қыркүйек 2022, 00:48
960
Бөлісу:
Елорда тұрғынынан 40 млн теңге бопсалағандар ұсталды

Астана полицейлері 40 млн теңге ақша қаражатын бопсалаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ға сілтеме жасап.

Елордалық полиция департаментіне 31 жастағы қала тұрғыны бопсалау фактісі бойынша арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ЖШС-нің қаржы директоры мен еншілес компаниясының атқарушы директоры қорқыту және интимдік жазбаларды тарату арқылы одан 40 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған.

Бұл ретте күдіктілер 15 млн теңгеден астам қаражаттың бір бөлігін иемденіп, қалған соманы бопсалауды жалғастырған. Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екеуін ақша қаражатын беру барысында қылмыс үстінде ұстады, олардан 2 млн теңге көлемінде ақша қаражаты тәркіленді.

Аталған факті бойынша аса ірі мөлшерде бопсалағаны үшін ҚР ҚК-нің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы