Елордада қар тазалау жұмыстары толассыз жүріп жатыр

2 Қаңтар 2020, 14:20
4037
Бөлісу:
Елордада қар тазалау жұмыстары толассыз жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қар тазалау, шығару жұмыстарына бүгін 691 арнайы техника мен 1236 жол жұмысшылары жұмылдырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.  

1 қаңтардан 2 қаңтарға қараған түні 486 арнайы техника мен 78 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Сондай-ақ, 1 қаңтар күні 382 рейс жасалып, қала сыртына 4584 текше метр қар шығарылды. Қыс басталғалы бері 110235 рейс жасалып, барлығы 1 322 822 текше метр қар шығарылғанын айта кеткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы