Елорда «сары аймақта»: Эпиджағдай жақсарып келе ме?

17 Ақпан 2022, 15:11
1406
Бөлісу:
Елорда «сары аймақта»: Эпиджағдай жақсарып келе ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, төмендеу үрдісі байқалады.

Соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда 2,9 есе, яғни 250,9-дан 84,6-ға дейін төмендеді. Бір тәулік ішінде COVID-19 бойынша 127  жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш -84,6, репродуктивтік сан – 0,476 құрады. Көрсеткіштерге сәйкес, 16 ақпаннан бастап қала эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті, - деп атап өтті қаланың бас санитар дәрігері. 

Сонымен қатар ол елордада жыл басынан бері 84 мыңнан астам жағдай тіркелгенін алға тартты. 

Қалада күн сайын аурушаңдық жағдайлары тіркеледі. Жыл басынан бері 84 мыңнан астам елордалық вирусқа шалдыққан. Сондықтан мегаполис тұрғындарын өздері мен жақындары үшін жауапты болуларыңызды сұраймыз. Вирусты біржола жеңудің жалғыз жолы – вакцинация. Оның қаншалықты тез арада орын алатыны тек өзімізге байланысты, - деді Сархат Бейсенова. 

Өзгелердің жаңалығы