Елорда полицейлеріне COVID-19-ға қарсы вакцина салынды

31 Наурыз 2021, 18:35
1399
Бөлісу:
Елорда полицейлеріне COVID-19-ға қарсы вакцина салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлеріне екпе жасалуда, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Қаланың Полиция департаменті емханасының терапевт дәрігері Айдана Әбдіпаттаның айтуынша, қазір «Спутник V» вакцинасын алуға учаскелік полицейлер мен ішкі істер саласының ардагерлері келіп жатыр.

Елорда полицейлеріне COVID-19-ға қарсы вакцина салынды

Олар халықпен тікелей жұмыс істейтіндіктен екпе алуға өздері келуде. Біз медициналық талапқа сай, вакцина салу жайлы оларға түсіндіріп, таныстырып жатырмыз. Талабымызға сәйкес қарап, бақылап, сосын ғана жұмысымызға кірісеміз. Бүгінге дейін қарсы көрсеткіштер болған емес. Бізде бәрі талапқа сай жүргізіледі, – деді Айдана Әбдіпатта.

Екпе жасатқандардың бірі – Нұр-Сұлтан қаласы патрульдік полиция инспекторы, аға лейтенант Сәкен Тасқын.

Бүгін мен вакцина салдырдым. Қазіргі сәтте өзімді өте жақсы сезініп тұрмын. Халықпен жұмыс істеп жүргендіктен өз еркіммен екпе салғыздым, – деді Сәкен Тасқын.

 

Өзгелердің жаңалығы