Елорда оқушылары республикалық олимпиадада "Үздік команда" атағын жеңіп алды

4 Қараша 2023, 04:21
613
Бөлісу:
Елорда оқушылары республикалық олимпиадада "Үздік команда" атағын жеңіп алды
Фото: gov.kz

Астана оқушылары химия пәнінен республикалық олимпиадада алтын және күміс медаль жеңіп алып, "Үздік команда" атағына ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2023 жылдың 30 қазаны мен 2 қарашасы аралығында Жезқазғанда Қ.Сәтбаев атындағы 9-сынып оқушыларына арналған химия пәнінен республикалық олимпиада өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 75 оқушы қатысты.

Астанадан келген оқушылар Канада елшілігі тапсырған кубокты және "Үздік команда" атағын жеңіп алды.

Сонымен қатар жас олимпиадашылар 3 жүлделі орынға ие болып, тағы да жоғары білім деңгейін дәлелдеді.

Алтын медальдарды №27 мектеп-лицейінің оқушысы Елизавета Гранковская мен "Nurorda" мектеп-лицейінің оқушысы Асқарбек Біржан жеңіп алды. Дарынды жастарға арналған "Білім-инновация" лицейінің оқушысы Балтекен Арман күміс жүлдегер атанды.

Өзгелердің жаңалығы