Елорда маңында азық-түлік белдеуі қалыптасып келеді

1 Қараша 2020, 19:38
1936
Бөлісу:
Елорда маңында азық-түлік белдеуі қалыптасып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда маңында азық-түлік белдеуін дамыту аясында 300 шақырымдық аймақ анықталды. Оған облыстың барлық 17 ауданы кірді. 

government.kz порталының мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта Ақмола облысының 128 кәсіпорны ауыл шаруашылығы өнімін жеткізумен айналысуда, оның ішінде 68-і — мал шаруашылығы өнімдері (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері), 6-ы — құс шаруашылығы (құс еті, тағамдық жұмыртқа), 54-і — өсімдік шаруашылығы (ұн, картоп, көкөніс, өсімдік майы). 

Олар Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 сауда базарына, 29 сауда үйіне, 10 сауда орталығына өз өнімдерін жеткізеді. Сондай-ақ «Ақмол» дүкендер желісі жұмыс істейді, онда «Capital Projects LTD» ЖШС, «Астана Агро Продукт» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Гормолзавод» ЖШС, «Агрофирма Родина» ЖШС, «Milk Project» ЖШС және т. б. ірі ауыл шаруашылығы өндірушілері өз өнімдерін өткізеді. 

Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері елорда нарығына 99,9 мың тонна сүт өнімдерін, 23,1 мың тонна ет және ет өнімдерін, 224,7 млн дана жұмыртқа жеткізді. 

Нұр-Сұлтан қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуі бойынша 2020 жылы жалпы сомасы 47 млрд теңгеге 41 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, 5,4 млрд теңгеге 28 жоба іске асырылды: 4 — бордақылау алаңдарының, асыл тұқымды репродукторлардың құрылысы бойынша (2 бордақылау алаңы, 1 репродуктор); 8 — сүт шаруашылығы бойынша (7 сүт-тауар фермасы); 12 — етті мал шаруашылығы бойынша (12 ет фермасы); 2 — құс шаруашылығын дамыту бойынша; 2 — суару жүйесін құру бойынша (2 жоба іске асырылды); 6 — ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша (2 кәсіпорын); 5 — астық қоймасы мен картоп қоймасын салу бойынша (1 кәсіпорын); 2 — балық өсіру бойынша (1 кәсіпорын).

Өзгелердің жаңалығы