Елорда күніне орай Ұлттық музейде көрме ашылды

1 Шілде 2019, 19:34
2117
Бөлісу:
Елорда күніне орай Ұлттық музейде көрме ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.6 шілде – Елорда күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Қасиетті Түркістаннан нұрлы жолды Нұр-Сұлтанға» атты көрмесін ашты.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК баспасөз қызметіКөрменің мақсаты – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында көрсетілген негізгі бағыттарды негізге ала отырып, Ұлы даланың рухани мұраларын таныту, насихаттау арқылы еліміздегі тарихи орындарға келушілердің қызығушылығын тудыру. Сондай-ақ бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне 2003 жылдан бастап енген Орта Азиядағы теңдесіз бірегей сәулет ескерткіші Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі мен сайыпқыран Әмір Темірдің бұйрығымен жасалған ортағасырлық түпнұсқа ХІV ғасырдың шырағдандары, тайқазан, лауһа (тудың ұшы) мұралары арқылы еліміздің тарихи-мәдени жәдігерлерін, бай мұраларын, Тұңғыш Президентіміздің еліміз үшін атқарған жанқиярлық ерен еңбегін насихаттау.

WhatsApp Image 2019-07-01 at 16.06.33.jpeg

ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Сатубалдин Абай Каримтайұлы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы көрменің ашылуымен құттықтады.

«6 шілде – Елорда күніне орай қасиетті Түркістаннан Елордамызға өзіміздің шашуымызды алып келіп отырмыз. Көрменің тағы бір себебі – биыл Түркістан қаласы облыс орталығы болғанына 1 жыл толып отыр. Өздеріңіз білесіздер Түркістан туристердің көп келетін орны. Түркістан - ежелгі қала, рухани астана, тарихы мол мекен. Көрмеге ең құнды жәдігерлердің бірқатарын алып келдік. Басқа жерде кездеспейтін түпнұсқалар біздің музейімізде сақтаулы. Сонымен қатар, Түркістан жайлы, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне қарасты ескерткіштер жайлы суреттер, деректі фильмдер, құнды кітаптар мен Диуани хикмет, қолжазбалар да алып келіп отырмыз. Баршаңызды тарихи туындылардың Елордадағы көрмесінің ашылуымен құттықтаймын!», - деді Нұрболат Қадырұлы.

WhatsApp Image 2019-07-01 at 16.04.50 (1).jpeg

Ұлттық музей директорының орынбасары Абай Каримтайұлының сөзінше, қасиетті жерде сан мәрте ұлтымыздың тағдыры талқыланып, түбегейлі шешімдер қабылданған.

«Қазақтың небір ұлы тұлғалары сол жерде дүние есігін ашқан. Жібек Жолы бойынан ірге көтерген байырғы қала Түркістанның облыс орталығы болуы ерекше қуаныш екенін атап өткен жөн. Күллі түркі әлемінің алтын ордасы болған Түркістанның қайтадан түлеп, тәуелсіздік тұғырының биіктей түсуіне өзіндік үлес қосатын кезең туды. Бір мың жарым жылдан астам терең тарихы бар қаланың ХХІ ғасырда жаңа тынысы ашылды. Ол жерде қазір ұлт болашағы үшін қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Осындай тағылымдық мәні зор көрмені әкеліп отырған әріптестеріме толағай табыс тілеймін», - деді Абай Каримтайұлы.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында ашылған көрме үш бөлімге топтастырылып, 60-тан аса жәдігер және деректі фильмдер мен 3D тур, тұлғалар жайлы жинақ кітапшалар қойылған.

WhatsApp Image 2019-07-01 at 16.06.35 (1).jpeg

WhatsApp Image 2019-07-01 at 16.06.35.jpeg

Көрменің бірінші бөлімі әулиелердің Сұлтаны атанған Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған. Яғни, Қожа Ахмет Ясауидің артында қалған баға жетпес мұралары ХVІІІ ғасырға тән «Диуани хикмет» кітабының қолжазба және баспа нұсқалары, «Насабнама» шежіресі, ұлы тұлғаның шәкірттері С.Бақырғанидің «Диуан» қолжазба еңбегі, Шейх Худайдад Таш-Мухаммед әл-Бухаридің «Бустан уль Мухиббиннің» түркі тілінде жазылған қолжазба еңбегі, Ә.Науаидің «Ғазалдары», Софы Аллаярдың «Муслик ал-Муттакин», «Әулиенің өсиеттері» еңбегі, Қожа Хафиздің «Диуаны», Имам Мағрудидің «Қиссалары», Әулие Биделдің «Диуан» еңбектерімен қатар, Әмір Темір сыйға тартқан ортағасырлық ХІҮ ғасырдың құнды жәдігерлері - шырағданның тұпнұсқасы, лауха, тайқазан көшірмелері экспозициядан орын тепкен.

WhatsApp Image 2019-07-01 at 16.06.34 (1).jpeg

Көрменің екінші бөлімінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 1985 жылы Қазақ ССР Министрлер кабинетінің басшысы, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті тұсындағы, бауырлас Түркия Республикасының Президенттері Тұрғыт Озал, Сүлеймен Демирел, Ахмет Сезар, Абдулла Гүл, Реджеп Тайып Ердоған, Өзбекстан Республикасының Президенті И.Каримовпен, 2018 жылғы Түркістандағы ресми сапарларынан сыр шертетін фотосуреттері мен 1999 жылы Түркістанға келген сапарында қорық-музейге сыйға берген Құран Кәрім кітабы көпшілік назарына ұсынылды.

WhatsApp Image 2019-07-01 at 16.06.36.jpeg

Көрменің үшінші бөлімінде 1871-1872 жылдары жиһанкез А.Кунның «Түркістан альбомында» жарық көрген Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, ондағы Әмір Темірдің бұйрығымен жасалған ХІV ғасырдың құнды жәдігерлері - Тайқазан, Лауһа (тудың ұшы), Шырағдандар, Есіктер мен қорық-музей қорындағы этнографиялық, археологиялық материалдар, Түркістан өңіріндегі тарихи-рухани орындардың фотосуреттер орналастырылған.

Өзгелердің жаңалығы