Елорда күні елімізде 448 нәресте дүниеге келді, оның ішінде екі егіз бар

дүниеге келген нәрестелердің 223-і – ұл, 225-і – қыз.

Бүгiн 2026, 13:15
АВТОР
 pixabay.com Бүгiн 2026, 13:15
Бүгiн 2026, 13:15
140
Фото: pixabay.com

Елорда күні – 6 шілдеде Қазақстанның медициналық ұйымдарында 448 сәби дүниеге келді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, дүниеге келген нәрестелердің 223-і – ұл, 225-і – қыз. Сондай-ақ мереке күні елімізде екі егіз өмірге келген. Олардың екеуі де Астана қаласында туған.

Өңірлер бойынша ең көп сәби Түркістан облысында дүниеге келген. Мұнда бір тәулікте 67 нәресте туған. Ал Алматы қаласында 44 сәби өмір есігін ашса, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, босандыру қызметін көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары тәулік бойы жүкті әйелдерге, босанатын аналарға және жаңа туған нәрестелерге қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Ведомство сәбилері осындай айтулы күні дүниеге келген ата-аналарды құттықтап, жаңа туған нәрестелер мен олардың аналарына зор денсаулық, амандық, бақ-береке және жарқын болашақ тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Елорда күнінде Астанада 24 сәби дүниеге келгенін хабарлаған едік.

Наверх