Елорда күні Астанада 24 сәби дүниеге келді.
Дәрігерлердің мәліметінше, мереке күні өмірге келген нәрестелердің арасында ұлдар мен қыздар бар. Ана мен сәбилердің жағдайы тұрақты, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Медицина қызметкерлері жаңа туған нәрестелер мен олардың аналарына денсаулық тілеп, мереке күні дүниеге келген сәбилердің өмір жолы жарқын болсын деген ақжарма тілектерін жеткізді.
Айта кетейік, 6 шілде – Қазақстанда Елорда күні ретінде аталып өтеді. Бұл күні ел бойынша түрлі мерекелік мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады.