Елорда әкімі жылуы жоқ аялдамаларды тексерді

26 Қараша 2019, 00:21
3377
Бөлісу:
Елорда әкімі жылуы жоқ аялдамаларды тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала бойынша жылуы жоқ аялдамаларды тексерді. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Бүгін қаладағы жылы аялдамалардың бірқатарына бардым. Жылуы жоқ аялдамалар анықталды. Соның бірі – Республика даңғылымен қиылысатын Сейфуллин көшесіндегі "Жастар сарайы" аялдамасы. Қала бойынша осындай аялдамаларды тексеріп шығу аудан әкімдеріне тапсырылды, - деп жазды ол.

Сондай-ақ, Алтай Көлгінов елорда тұрғындарынан жылуы істемей тұрған аялдамаларды байқаса, нақты орналасқан жерін айтуларын сұрады.

Қала тұрғындарына жайлы болуы үшін жылы аялдамаларды көбірек салуды жоспарладық, - деп қорытындылады сөзін әкім.

 

Өзгелердің жаңалығы