Көлгінов автобустардың жүру жиілігін арттыруды тапсырды

29 Тамыз 2019, 09:20
1155
Бөлісу:
Көлгінов автобустардың жүру жиілігін арттыруды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов сұранысы жоғары бағыттарға қосымша автобустар шығаруды жүктеді, бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Оқу жылының басталуына және еңбек демалысы маусымының аяқталуына байланысты жолдарда трафик артып отыр. Осы ретте, өз бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Көлік басқармасына тұрғындар арасында аса сұранысқа ие бағыттарға қосымша автобустар шығаруға, сондай-ақ қоғамдық көліктің желіге барынша толық шығуын және автобусты күту уақытын азайтуды тапсырдым», - деп жазды қала әкімі Twitter-де.




Өзгелердің жаңалығы