Елорда күні қарсаңында Арбатта әйгілі хиттер орындалды

17 Маусым 2020, 03:21
1642
Бөлісу:
Елорда күні қарсаңында Арбатта әйгілі хиттер орындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Әртіс әлемге әйгілі әуендерді фортепианода орындады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері ерекше флешмоб өткізді. Бүгін Арбатта пианистер әлемдік хиттерді орындады.

Арбаттан өткен көрермендердің "Амели", "Список Шиндлера", "Титаник", "Завтрак Тиффани" және т.б. танымал кинофильмдердің музыкасын тыңдау мүмкіндігі болды. Оны Юлия Заечковская (үрмелі оркестр), Айсұлу Амангелді және Ерболат Абылай (камералық хор), Мирас Дәулет (қазақ оркестрі) және Гүлдана Төлепберген (симфониялық оркестр) ұсынды.
 
Ашық аспан астындағы акция бекер ұйымдастырылған жоқ: елорданың басты мерекесі қарсаңында қала тұрғындарын қуантуды көздеді. Бұдан бөлек, карантинге байланысты көрмендер залында бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынғаны белгілі.
Өзгелердің жаңалығы