Елорда дәрігерлері 6 жасар балаға күрделі ота жасады

12 Қазан 2022, 22:15
2916
Бөлісу:
Елорда дәрігерлері 6 жасар балаға күрделі ота жасады

Елордадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында 6 жастағы балаға өте күрделі ота жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елорда филиалының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, аяқ пен мойынның салдануына себеп болған мойын-желке  аймағының туа біткен аномалиясына жасалған операция зергерлік жұмысқа тең.

Ұлттық нейрохирургия орталығына Алматы облысынан келген 6 жастағы қыздың ата-анасы медициналық көмекке жүгінген. Кішкентай науқастың қолы мен аяқтарының әлсіз, қозғалысы шектеулі және мойынын өз бетінше ұстай алмайтыны жөнінде шағымдарын жеткізді.

Елорда дәрігерлері 6 жасар балаға күрделі ота жасады

МРТ-да дәрігерлер мойын-желке омыртқаларының дамуындағы туа біткен ауытқуды анықтады. Нейрохирургия орталығының дәрігерлері консилиум өткізіп, емдеудің одан әрі тактикасы мен әдісін анықтады. 

Жағдайдың күрделілігі соншалықты, қыздың бірнеше омыртқа денелерінің болмаған, бала басын толық ұстай алмай, басы алдыға қарай ығысып кетіп қалады.

Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Керімбаевтың айтуынша, күрделілігі мен қауіптілігіне байланысты мұндай операциялар тек жетекші мамандандырылған клиникаларда жасалады және айтарлықтай сирек кездеседі.

МӘМС аясында жасалған операция 4 сағатқа созылған. Операцияны профессор, ҚР ҰЖҒА академигі Талғат Керімбаев, практикалық жұмыс өтілі 30 жылдан астам, нейрохирург дәрігер, PhD Виктор Алейников және Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің нейрохирург дәрігері Сапарбек Сейтбеков жасады.

Біз балаға аса күрделі операция жасадық. Қыз балада мойын-желке омыртқаларының көптеген туа біткен ақаулары болды, нәтижесінде жұлын мен ми бағанасы қысылған. Осыған байланысты, 6 жасқа дейін бала өздігінен жүре алмады, еркін қозғала алмады, киініп, шалқасынан жата алмады. Неврологиялық симптоматологияны және МРТ зерттеу нәтижелерін ескере отырып, нейрохирургтар тобының шешімі бойынша бас пен мойынның қалыпты анатомиялық арақатынасын қалпына келтіре отырып, мойын-желке аймағының омыртқаларын қалпына келтіру, содан кейін С1, С2, С3, С4, С5, С6 омыртқаларын трансартикулярлы, транскортикальды бекіту отасы жасалды, - деп түсіндірді Талғат Керімбаев. 

Елорда дәрігерлері 6 жасар балаға күрделі ота жасады

Қыздың анасының айтуынша, бес жасқа дейін қыз толық жүре алмаған, балерина сияқты аяғының ұшымен жүрген. Алты жасында, қыздың бойы күрт өскен кезде, аяқтың ұшымен жүруді тоқтатып, толығымен төсекке таңылыпты. 

Біз баламыздың туа біткен патологиясы туралы білген кезде бұған дейін де осы Орталыққа жүгінген едік, бірақ дәрігерлер сүйектердің аздап нығаюы үшін  біраз уақыт күту керектігін айтты, операция кейінге қалдырылды.  Енді осы Орталыққа ота жасатуға келдік. Мұнда отаға арнайы дайындық шаралары өтті. Бір апта бұрын менің балама ота жасалды, жүруге әлі ерте,  дегенмен мен қазір баламның аяғында жиырылу жоқ екенін байқадым. Аяқтың табаны босаңсыған, бұрынғыдай тартылып тұрған жоқ. Енді біз қызымыздың алғашқы қадамдарын жасай алатын сәттерін асыға күтудеміз, - деп ағынан жарылды кішкентай науқастың анасы. 

Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің нейрохирург-дәрігері Сапарбек Сейітбековтің айтуынша, операция кезінде басты міндет қысылған жұлынды сәтті босату, физиологиялық лордоз жасау және мойын омыртқасын бекіту болды. 

Операция кезінде омыртқалардың ауытқуы техникалық тұрғыда қиындық туғызды. Ми бағанасының, жұлын мен қан тамырларының зақымдану қаупі өте жоғары болды. Осы өмірлік маңызды орталықтар зақымданған жағдайда пациент сал ауруына шалдығуы мүмкін немесе тіпті пациент өлімімен аяқталуы да әбден мүмкін болатын жағдай. Бақытымызға орай, бәрі ойдағыдай сәтті өтті, баланың қимыл-қозғалысқа бейімделуі реттеле бастады, қазір жиырылу регрессиясы және аяқтың бұлшық еттерінің күш алу динамикасы байқалады, - деді Сапарбек Сейітбеков.

Айта кетерлігі, елордада былтырмен салыстырғанда 2022 жылы ота жасау көрсеткіші 10%-ға өскен. Тек жоғары технологиялық медициналық көмек қолдану арқылы МӘМС бойынша 10,2 млрд теңге сомасына қосымша 3 888 қызмет көрсетілді, мұндай оталар қазіргі уақытта да жалғасын табады.  

Өзгелердің жаңалығы