Елордадағы бос жер учаскелері туралы қайдан білуге болады

23 Қазан 2019, 22:48
1842
Бөлісу:
Елордадағы бос жер учаскелері туралы қайдан білуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Деректер ашықтығын, халықтың және бизнестің коммерциялық мақсатта қала аумағындағы бос жер учаскелері туралы ақпаратқа толық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін saulet.astana.kz электронды мекенжай бойынша интерактивті карта қызмет көрсетеді.

Елорда Инфо ақпараттық порталының мәліметінше, e.astana.kz портал бойынша жер учаскесіндегі кезегіңіз туралы білсеңіз болады. 

Портал жер учаскесінің орналасу орны және нысаналы мақсаты, түбегейлі жоспарлау жобасы, шекаралары, алаңдары, қызыл сызықтары, желілермен қамту аймағы, т.б. көрсете отырып, бос жер учаскелері туралы толық ақпаратты ұсынады. 

Бұл ретте ҚР Жер кодексінің 50-бабы 2-тармағына сәйкес азаматтарға жер учаскелерін жекеменшікке тегін беру нормалары мынадай жағдайда белгіленген: 

1) жеке қосалқы үй шаруашылығын жүргізу; 

2) жеке тұрғын үй салу (ЖТС); 

3) бағбандық, сондай-ақ саяжай салу. 

Алайда Нұр-Сұлтан қаласының бекітілген бас жоспарына сәйкес қала аумағында ұжымдық бағбандық және жеке қосалқы үй шаруашылығын жүргізу көзделмеген. 

2007 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында жүргізілген инженерлік желілердің болмауына байланысты ЖТС үшін учаскелер берілген жоқ және жоспарланбаған.

Өзгелердің жаңалығы