Елорда: Бөгенбай батыр даңғылындағы көпір жөнделеді

11 Ақпан 2020, 03:23
1616
Бөлісу:
Елорда: Бөгенбай батыр даңғылындағы көпір жөнделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Елордадағы Бөгенбай батыр даңғылындағы жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында жазылды.

16 қаңтардан 1 қазанға дейін темір жолдардағы көпірдің тірек бөлігінің күрделі жөнделуіне байланысты Бөгенбай батыр даңғылындағы Уәлиханов көшесінен Ақжол көшесіне дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектелді, - делінген хабарламада.

Қозғалыс шектеулеріне байланысты жолақтардың саны әр бағытта 4-тен 2-ге дейін азаяды. Аталған аумақтағы жүктемені азайту үшін автобус бағыттарын қоспағанда, көпірден солға – Ш.Уәлиханов көшесіне бұрылуға уақытша тыйым салынған.

Сонымен қатар артық жүктеменің алдын алу үшін жақын маңдағы қиылыстарда жанама шаралар өткізіледі.

Қала ішіндегі жолдарда кептелісте қалмау үшін тұрғындар мен қонақтарға баратын бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет.
Өзгелердің жаңалығы