Елорда әуежайындағы жұмыс қайта жанданды

24 Наурыз 2021, 10:35
1177
Бөлісу:
Елорда әуежайындағы жұмыс қайта жанданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы өз жұмысын қайта жандандырды.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы өз жұмысын қайта бастады. Елордалық әуе айлағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жаады. Жолаушылар түсіністік танытады деген үміттеміз. Ұшу-қону жолағы ашық, бірақ сегіз рейстің кешігуі бар. Ұшулардың жаңаруына байланысты кесте ретке келтірілетін болады. Әуекомпаниялардың колл-орталықтарында, анықтама әуежайларында және әлеуметтік желілерде рейстер туралы деректерді нақтылауды сұраймыз, - деп хабарлады әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов. 

Бұған дейін Нұр-Cұлтан әуежайында 9 рейс кешіктіріліп, 6 рейс тоқтатылған болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшу-қону жолағы түнгі сағат үшке дейін жабылды.

Кеше елордада таңертеңнен бастап қатты боран соғып, түнге дейін тоқтаған жоқ. Дауылды ескерту жарияланды, қаладан барлық бағыт бойынша жолдар жабылған еді.

Өзгелердің жаңалығы