Елорда әуежайы журналистер арасында байқау жариялады

22 Мамыр 2021, 07:20
2695
Бөлісу:
Елорда әуежайы журналистер арасында байқау жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында шығармашылық байқау жариялады. 

Тілшілер арасындағы байқау ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен елорда әуежайының 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Биыл біздің әуежай 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Сондай-ақ, айтулы дата тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Осы орайда БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында үздік материалға байқау жариялаймыз. Бізге қарасты 2 компания аталған бастаманы қолдап отыр. Бас жүлдеге Ыстанбұл (Түркия) мен Ташкент (Өзбекстан) қаласына 2 адамға арналған жолдама беріледі. Байқау нәтижесі мен оның жеңімпаздарын БАҚ өкілдері мерекесі қарсаңында анықтайтын боламыз, - деді елорда әуежайының баспасөз хатшысы Ануар Шалекенов. 



Өзгелердің жаңалығы