Елорда әкімі азаматтарды онлайн қабылдады

14 Қараша 2020, 11:48
1255
Бөлісу:
Елорда әкімі азаматтарды онлайн қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі апта сайынғы онлайн-қабылдауда 10-нан астам тұрғынды қабылдайды. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Іnstagram парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Апта сайын өтетін онлайн-қабылдауда 10-нан астам тұрғынды қабылдадым. Қала тұрғындары көтерген мәселелерді жоспарлы түрде шешу партияның қалалық сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан. Бұл әлеуметтік тұрғын үй құрылысы, үлестік құрылыс нысандарын аяқтау, елді-мекендерді, инфрақұрылымды дамыту, мектептер, медициналық мекемелер салу. Қабылдауларда көтерілетін мәселелердің бір бөлігі бірден шешімін табады. Қалғандарын жұмысқа аламыз. Қала тұрғындарының мәселелерінің орындалу мәртебесін қадағалау үшін онлайн-жүйе жұмыс істейді, - деп жазды Алтай Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы