Елорда әкімдігі шыбын-шіркеймен күресіп жатыр

1 Шілде 2021, 22:45
1782
Бөлісу:
Елорда әкімдігі шыбын-шіркеймен күресіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңдеу жұмысының 3-тур аясында «Астаналық дезинфекция» ЖШС Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мердігерлік ұйымы ретінде елордада шыбын-шіркеймен күрес жұмыстарын жалғастырып жатыр деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Ашық стасалардағы дезинсекциялық іс-шаралар елорданың орталығынан бастап, қаланың шетіне дейін жүргізіледі.

Қаланың шет аймақтарынан масалар мен шіркейлердің жаппай ұшып келуіне жол бермеу мақсатында елорда маңындағы қорғаныс тосқауылдары тұрақты негізде жүргізіледі. Өңдеу жұмыстары мамандандырылған дезинфекциялық машиналар мен термогенераторлардың көмегімен, хлорпирифос және малатион белсенді затымен ФОҚ (фосфор органикалық қосылыстар) класының инсектицидтік препараттарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. 

Айта кету керек, қауіпсіздік шараларын сақтау кезінде бұл препараттар адамдар мен жануарларға қауіп төндірмейді.

Жұмыстар белгіленген мерзімдер бойынша жүргізілуде.

 


Өзгелердің жаңалығы