Элина Михина Азия чемпионы атанды

11 Ақпан 2023, 20:41
1339
Бөлісу:
Элина Михина Азия чемпионы атанды
Фото: Жеңіл атлетика федерациясы

Астана қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде қазақстандық Элина Михина алдына жан салмай, чемпион атанды. 28 жастағы атлет бұл қашықтықты 54.07 секундта жүгіріп өтті, - деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 

Қазір Қазақстан қоржынында 2 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль бар.

Өзгелердің жаңалығы