Елімізге Еуроодақтың өкілі Жозеп Боррель ресми сапармен келеді

14 Қараша 2022, 17:27
1109
Бөлісу:
Елімізге Еуроодақтың өкілі Жозеп Боррель ресми сапармен келеді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссия Вице-президенті Жозеп Борреллдің Қазақстанға ресми сапармен келеді. 

Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Жозеп Боррель 16-17 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар аясында Жозеп Боррельдің Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен және мемлекет басшылығымен екіжақты кездесулері жоспарланып отыр, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі. 

Сонымен қатар ол кездесу барысында қандай мәселелер талқыланатынына тоқталып өтті. 

Келіссөздер барысында өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, тараптар Қазақстан – Еуропалық одақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды, - деді Айбек Смадияров. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі «Украинада сайлау учаскесі ашыла ма?» деген сұраққа жауап берген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы