Еліміздің жаңа туристік бағыттары талқыланды

28 Сәуір 2022, 18:25
1798
Бөлісу:
Еліміздің жаңа туристік бағыттары талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев туроператорлармен, бизнесмендермен, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы АҚ және Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында министр сала өкілдерімен Қазақстанда жаңа туристік бағыттарды құру және жайластыру мәселелерін талқылады.

Біз шет елдердегі гранд турлардың көптеген мысалдарын білеміз. Мысалы, Швейцарияда бүкіл ел аумағын қамтитын үлкен тур өтеді, оны туристер бөліп-бөліп немесе толығымен өткізе алады. Осылайша, бір саяхатта Сіз бүкіл бағытты біле аласыз. Маршрут бойында түрлі тақырыптарға арналған, көліктің әр түрінде түрлі іс – шараларды ұсынатын түрлі турлар құрылуы мүмкін», - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, Дәурен Абаев ұсынылған маршруттар тақыр жерден құрылмайтынын айтты. «Тапталған соқпақ» қағидаты бойынша туристерге қызықты, әрі сұранысқа ие маршруттар бірінші кезекте жақсартылады және дамытылады.

Қазіргі кезде еліміздің бес өңірінде туристік бағыттар анықталған: олардың ішіндегі ең танымалдары-оңтүстік-шығыстағы «Алматы: 4 маусым» мен Қазақстанның оңтүстігіндегі «Ұлы Жібек жолы». Бұл ретте «Жібек жолы» бағыты қолданыстағы трансшекаралық бағыттың бір бөлігі саналады және Қытаймен шекарада басталып, Өзбекстанда жалғастырылуы мүмкін. Одан әрі еліміздің оңтүстік-батысындағы «Маңғыстаудың» көздің жауын алар пейзажы, шығысында «Алтайдың» тұмса табиғат көрінісі және «Сарыарқа» бағытының екі бөлігі: солтүстік және шығыс – бұл Бурабай, Имантау-Шалқар, Баянауыл және Қарқаралы далаларындағы інжу – маржандарымыз бар.

Министрлік осы бағыттарды жоспарлы түрде дамытуды ұсынады: алдымен – таңдалған маршруттарды абаттандыру, екінші кезеңде – «жұмсақ» инфрақұрылымды және маршруттарды сапалы тұрғыда дамыту. Келесі кезең – туроператорлармен бірге мақсатты түрде турларды белсенді түрде жылжыту.

Дәурен Абаевтың айтуынша, бұл мәселеде мемлекет пен нарықтың бірлескен «командалық жұмысы» маңызды.

Өз кезегінде Kazakh Tourism Ұлттық компаниясының Басқарушы директоры Даниел Сержанұлы Kazakh Tourism-нің негізгі күш-жігері мамандарды оқыту, стандарттау және маркетинг жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, гранд маршруттар айналасындағы туристік өнімдерді дамытуға бағытталатынын айтты.

Кіру және ішкі туризм бойынша отандық туроператорлардың басшылары маршруттарды жүйелі әрі нақты дамытудың маңыздылығына, сонымен бірге туристердің жайлылығын арттыруға көмектесетін кейбір проблемаларды шешу керектігін атап өтті.

Сондай-ақ, кездесу аясында NeoNomad акциясы туралы айтылды. Жобаның мәні Қазақстан ішінде туристердің келуіне ұсынылатын орындар тізімін қалыптастыру. Акция биылғы жылдың мамыр айына жоспарланған. Акцияның негізгі идеясы-туристерді арнайы фотоспоттарда суретке түсіру. Жобаға барлық өңірлер бойынша 20 орын қамтылған, объектілердің бір бөлігі гранд маршруттар бойында орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы