Еліміздің тағы бір қаласында су тасқыны болды

12 Ақпан 2024, 21:22
8852
Бөлісу:
Еліміздің тағы бір қаласында су тасқыны болды
VIDEO
Фото: видеодан скрин

12 ақпанда Атырауда қалың қардың еруі салдарынан көшелерді ішінара су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Мәселе жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Әкімдіктің мәліметінше, қазір 2000 текше метр су шығарылды. 

Қала көшелерін жаңбыр мен еріген судан тазартуға 21 арнайы техника жұмылдырылды. Жұмыс толығымен аяқталғанша жалғасады. Арық жүйесінің жоқтығынан бұл оқиға маусымдық сипатқа ие. Жағдай ТЖМ бақылауында, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы