Еліміздің құрамасы Азия чемпионатында топ жарды

24 Шілде 2023, 13:00
636
Бөлісу:
Еліміздің құрамасы Азия чемпионатында топ жарды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Оған 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Ел намысын 19 спортшы қорғады.

Жарыстың соңғы күні командалық сында жүлделі орындарды сарапқа салды.

Нәтижесінде кумите бағдарламасында ерлер командалары арасында отандастарымыз күміске қол жеткізді.

Сондай-ақ чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медальмен алғаш рет жалпы есепте көш бастады. 

Жапония каратэшілері (3 алтын, 3 күміс, 2 қола) екінші орында, ал үздік үштікті Иран спортшылары (3 алтын, 2 күміс, 7 қола) түйіндеді.

Өзгелердің жаңалығы