Еліміздің Қорғаныс министрі Мәскеуге жұмыс сапарымен барды

16 Тамыз 2022, 12:00
1000
Бөлісу:
Еліміздің Қорғаныс министрі Мәскеуге жұмыс  сапарымен барды
PHOTO

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Халықаралық армия ойындарының ашылуына қатысты,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салтанатты рәсім Мәскеу облысының «Алабино» полигонында өтті. Биыл әскери-спорттық жарыстарға 70-тен астам мемлекет қатысу үстінде.   

Еліміздің Қорғаныс министрі Мәскеуге жұмыс  сапарымен барды

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов «Танк биатлоны» конкурсында сайысқа түсетін қазақстандық команданың басшысымен, жаттықтырушылар құрамымен және экипаж мүшелерімен кездесті. Ол әскери қызметшілерге жауынгерлік көңіл-күй, сенімділік пен сәттілік тіледі. Қазақстандық танкистер бірінші дивизионның екінші айналымындағы жеке жарыста жасыл түсті танкте өнер көрсетеді. 

Еліміздің Қорғаныс министрі Мәскеуге жұмыс  сапарымен барды

Жұмыс сапары аясында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Х Мәскеу конференциясының жұмысына қатысты.

Өзгелердің жаңалығы